Самат Әбіш ҰҚК-дағы қызметінен босатылды

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорданың сайтында.