«Бейбіт адамдар әділетсіздік құрбандарына айналмауы керек»

Аян Өрібай

Сенатор Ләззат Сүлеймен осылай деп мәлім етті. Оның айтуынша, «Алматы трагедиясын» тергеу мүмкіндігінше ашық және объективті түрде жүргізілуі керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде болған әр факт жіті зерттеліп, тексеріле отырып, құқық қорғау органдарына жеткізілген және ұсталған адамдардың қорғалуға және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығы қамтамасыз етілуі керек. Сенатор Ләззат Сүлеймен еліміздің Премьер-Министрінің атына депутаттық сауалында осы қағидаттарды ұстануға шақырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн, - деген пікірімен толық келісеміз. Мемлекеттік құзырлы органдардың қызметі барынша ашық, әрі объективті болуы, барлық жайт жасырылмай, ашық айтылуы міндетті», - деп жазды Ләззат Сүлеймен өзінің сауалында.

Сондай-ақ, депутат асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекет көмектесуі керек, зардап шеккендер үшін оңалту жүргізіп, курсанттарға, әскери және полиция қызметкерлеріне материалдық және моральдық қолдау көрсету керек екеніне назар аударды.

«Көшеге шыққан адамдардың ішінде бейбіт митингке қатысушылар, жаппай тәртіпсіздік жасаған бұзақылар, ұрлықшылар, содырлар, лаңкестер тобынақты анықталып, барлық барлық жазасы қылмыстың заңнамаға сәйкес белгіленуі міндетті. Бейбіт адамдардың әділетсіздік құрбандарына айналуына жол берілмеуі керек. Ақпараттық кеңістікте осы мәселеге байланысты «күштік құрылымдар мойнына тағып жатыр, адам құқығы бұзылды» деген түрлі қарама-қайшы пікірлер тарап отыр. Мемлекетіміздің конституциялық негізіне балта шапқысы келген лаңкестердің жоспарлаған әрекетіне бейбіт шерушілердің қолжалғау болғаны белгілі. Осы ретте әр факт жіті зерттеліп, тексеріле отырып, құқық қорғау органдарына жеткізілген және ұсталған адамдардың Қазақстан Конституциясының 13 бабына сәйкес қорғалуына және ақысыз білікті заң көмегін алу құқығы қамтамасыз етілуі міндетті», - деді ол.