Талғат Жақан ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Ulysmedia

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Ол 1965 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында туған. 

1982 жылдан -Апматы халық шаруашылығы институтының студенті.

1987 жылдан - Көкшетау облыстық мұнайөніммемком басқармасының Қызыл ту аудандық мұнай базасы бас бухгалтерінің тәжірибеден өтушісі.

1988 жылдан - Қазтұткеңес Республикалық есептеу орталығының есептеуіш техникасын еңгізу Бөлімінің экономист-инженері (Алматы қаласы).

1991 жылдан - «Қазкоопиақпарат көмек» кіші еңгізушілік кәсіпорынының директоры (Апматы қ.).

1992 жылдан - ҚР қаржы Министрлігі жанындағы қаржы-валюталық бақы- лау Комитетінің басқарма бас бақылаушы-ревизоры (Алматы қ.).

1996 жылдан - ҚР СІМ Валюта-қаржылық департаменті бас маманы, валюталық операциялар бөлімінің бастығы, 2001 жылдан - директорының орынбасары.

2007 жылдың шілде айынан - ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылдың қазан айынан - ҚР Парламент Сенатының Аппараты жетекшісінің орынбасары.

2010 жылдың шілде айынан бері - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг белімінің меңгерушісі.