«Самұрық-Қазына» қорының 7 топ-менеджері жұмысынан босатылды

Ulysmedia

Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, жазған арыздарының негізінде «Самұрық-Қазына» қорынан бүгін қызметінен 7 топ-менеджер босатылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қызметінен босатылған топ-менеджерлер:

  • Кравченко Андрей Николаевич, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.
  • Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор.
  • Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор.
  • Тажигалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директор.
  • Есполов Бектенбай Тлектесұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры.
  • Тусупбеков Жаннат Рашидұлы, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма төрағасы.
  • Кожаков Қуат Асқарбекұлы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ Бас директоры.

Портфельдік компанияларға корпоративтік орталық қызметкерлерінің санын заң талаптарына сәйкес екі есе қысқартып, өндірістік қызметкерлердің жалақысын алғашқы кезеңде орташа салалық көрсеткіштерге дейін көтеру туралы кеңес берілді.