Министр Нұртілеу жұрт алдына шықты

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Сырқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұрт алдына шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін Үкімет үйінде ондаған БАҚ өкілдері сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қоршап алды.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Министр өзінің “ұсталғаны” туралы ақпарат жалған екенін ресми мәлімдеді. 

- Бұл жалған ақпарат, абсурд нәрсе, дейді министр. 

Сонымен қатар, министр жалған ақпарат тараған күні неге ресми пікір білдірмегенін айтты. 

- Әріптестерімізбен кездесіп, телефон арқылы сөйлестік. Оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Арнайы орган бар. Қажет болса, солар айналыса берсін. Мен бұны өзіме қабылдамаймын. Аққа құдай жақ, бұл да бір сынақ шығар, дейді Нұртілеу.