Қызмет жолы Тоқаевқа ұқсас Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы

Ulysmedia

Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Бұған дейін, Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары болған. Бір айта кетері ол бұл қызметте бір-ақ ай отырды. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін 1998 ж. тәмамдаған.

«Құрмет» орденімен наградталған.

1998-2007 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;

2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы;

2011-2014 жылдары. – ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;

2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарды;

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы және оған қоса Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды;

2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;

2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;

2022 жылғы 5 қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.

Мұрат Нұртілеудің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев істеген жерлерде жұмыс істегені көрініп тұр. Тіпті, 1998 жылы жаңа ғана оқу бітірген жас түлек Тоқаев басқарған министрлікте қызмет атқарған. Еске салсақ, Тоқаев 1994-99 жж елде СІМ министрі болған. Әр жылдары болса да елшілікте, Сенатта жұмыс істегендері тағы бар.

Бұған дейін Президент әкімшілігін басқарған Ерлан Қошанов бүгін Мәжіліс төрағасы болып кетті.