Қазақстан мен Украина СІМ басшылары БҰҰ бас ассамблеясы аясында ынтымақтастықты талқылады

Сырым Қаржас
Фото: ашық дереккөзден

Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер мен екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша пікір алмасты. Мұрат Нұртілеу Қазақстанның Украинадағы жағдайды тез арада реттеуге және тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге мүдделі екенін растады.

– Астана қақтығысты БҰҰ жарғысына және халықаралық құқық принциптеріне сәйкес тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуді жақтап келді және сол ұстанымын жалғастыра береді, – деп атап өтті ҚР сыртқы істер министрі.