Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке алғыс айтты

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары лауазымындағы көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды. 

Фото: ашық дереккөзден

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Мемлекет басшысы партияны өзгерту керектігін атап өтіп, партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымы қажет еместігін айтқан болатын.