Қазақстанда АЭС қашан салынады – министрдің жауабы

Ulysmedia

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОҚК онлайн брифингінде Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

«АЭС салу - өте күрделі мәселе, сондықтан саламыз ба, жоқ па ешқандай шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімде әртүрлі мәселелер қаралады. Бүгінде «жасыл» саясат жүргізіліп жатқандықтан, күн тәртібінде шектеулер тұр. Біз көмір өндіруді кеңейте алмай отырғанымызды білесіздер, өйткені ол экологиялық таза емес»,  - деді Болат Ақшолақов ОҚК онлайн брифингінде.

Сондай-ақ, ол АЭС салу жобасы халықтың пікірін ескере отырып қана қабылдануы мүмкін екенін баса айтты.

«Біз әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Атом электр станциялары – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана. Бірақ бұл мәселе өте нәзік, ол бірінші кезекте қоғамды тарта отырып, барынша зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанның қандай да бір учаскесінде станция салу бойынша нақты шешімдер жоқ», - деді министр.