Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоған мен оның әйеліне тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де жазды.
Ердоған бір күн бұрын жұбайымен бірге коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Бұл «омикрон» екенін және ауру жеңіл өтіп жатқанын мәлімдеген болатын.