Арман Қырықбаев Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары қызметіне тағайындалуы ықтимал, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Арман Қырықбаев әр жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Қазақфильм" АҚ, "Nur Media" ЖШС-нің директорлар кеңесінің төрағасы, 2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2019 жылдың желтоқсанында Nur Otan партиясының хатшысы қызметіне тағайындалған.