Мәскеуде Қазақстан мен Ресей басшыларының келіссөзі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Кремльде Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев кездесті. Кездесу барысында Тоқаев Ресей президентін келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
– Мәселе хаттамада емес, ең бастысы – мәнінде. Біз ең жоғары деңгейде жаңа буын құжаттарына қол қойып, олардың орындалуын бақылауымыз керек. Бұл – аса маңызды, – деді Тоқаев.
– Қазақстанға қуана барамын, – деп жауап берді Путин.
БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСУ
Еске салайық, 11 қарашада Тоқаев пен Путин бейресми кездесуде 2,5 сағаттай әңгімелескен болатын.