Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

ЖАНАСОВА

Еске салсақ, маусым айында Жанасова Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Оған дейін ол «Қазпошта» АҚ-нын шамамен үш жыл басқарған. 2023 жылдың шілдесінде Әсел Жанасова «Қазпоштаның» басшысы бола тұра, Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраеваның сұрақтарына сұхбат барысында жауап берген еді.