«Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры ұсталды

Ulysmedia

Алматыда «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Антикор бұл мәліметті растады.

Ведомство ұсталған директор жөнінде толыққанды ақпарат кейінірек жария етілетінін хабарлады.

Айта кетсек, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қуаныш Бейсенбіновтың Алматыда жылу желілерін жаңарту кезінде мемлекеттік сатып алу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін «Спецкоммун» ЖШС өкілінен 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді.

Ұсталған Қуаныш Бейсенбинов «Алматы жылу желілері» серіктестігін 2018 жылдан бері басқарып келеді.