Трамп Тоқаевқа сыйлық жіберген

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлық жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. 

- Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті, – дейді Руслан Желдібай. 

Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттаған. 

СЫЙЛЫҚ

- АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар, дейді ол. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы өз жұмысы басталған еді. Әлемнің 150-ден астам мемлекет және үкімет басшылары жаһандық күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелерді талқылау үшін бір алаңға жиналды. 

КЕЗДЕСУЛЕР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, бірнеше кездесу өткізді. Соның ішінде, БҰҰ бас хатшысыменЗеленскиймен кездесті.