Бизнесмен Шадиев Ұлттық банкке 15 млрд теңге қайтарады

Ulysmedia

Сот бизнесмен Шадиевті 15 млрд теңгені Ұлттық банкке қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

«Прокурорлардың актілерімен олигополияға заңсыз берілген мүлік мемлекетке қайтарылды, бизнестің мүдделері мен азаматтардың құқықтары қорғалды. Мәселен, Бас прокурордың 18 наразылығы бойынша мемлекетке магистральдық теміржолдар қайтарылды, 21,1 млрд теңгеге бюджет шығындарының алды алынды. Прокуратураның араласуынан кейін Жоғарғы сот бизнесмен О.К. Шадиевті 15 млрд теңгеден астам қарыз сомасын Ұлттық банкке қайтаруға міндеттеді», - делінген ведомство хабарламасында.