Тоқаев «ЛГБТ насихатына» тыйым салу туралы заңға қол қойды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЛГБТ насихатына» тыйым салуды көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құжатқа сәйкес, ЛГБТ қозғалысының өкілдері өздерінің жыныстық бағдарын таңдағаны үшін жауапкершілікке тартылмайды. Заңда жазалау тек қоғам алдында ЛГБТ-ға қосылуға шақыру, яғни жария насихат үшін ғана қарастырылған.

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Заңда «ЛГБТ насихаты» мен педофилияны насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген. Атап айтқанда:

  • алғаш рет заң бұзған жағдайда — 20 АЕК мөлшерінде айыппұл (78 640 теңге);

  • қайталап жасалған жағдайда — 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған.

Заң нормалары тек жария үндеулер мен насихат сипатындағы әрекеттерге қолданылады, ал жеке өмірге араласу көзделмеген.