Асқарбек Ертаев еңбек министрі болып тағайындалды

Сырым Қаржас
Коллаж: ulysmedia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

ЕРТАЕВ

Асқарбек Ертаев Ақтөбе қаласының тумасы. Мұғалжар ауданы әкімдігінде жұмыс істеген, одан кейін 10 жылдан астам уақыт банк секторында еңбек еткен. Кейін Ұлттық экономика министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

Әр жылдары Президент әкімшілігі жанындағы Қауіпсіздік кеңесінде қызмет етті, Премьер-министр кеңсесі мен Үкімет аппаратындағы экономикалық бөлімді басқарды, Көші-қон комитетінің төрағасы болды.

2024 жылдан бері — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ал 2025 жылғы маусымнан бастап — бірінші вице-министр қызметін атқарып келеді.