Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болды

Ulysmedia

Сенаттың күні кеше сайланған депутаты Гүлмира Кәрімова 45 жасында кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Марқұмға алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.