Заманына қарай амалы: Ақорда TikTok-қа тіркелді

Ulysmedia

TikTok желісінде Ақорданың ресми аккаунты ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Президенттің баспасөз қызметі аккаунттың шынайылығын растады. Сондай-ақ, парақша "көк құсбелгіні" алып үлгерген, яғни Tik Tok әкімшілігінің тексеруінен өткен.

Ақорданың парақшасына жазуылушылар саны 5 мыңнан асты. Қазіргі уақытта ең танымал видео – Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАӘ Президентімен кездесуінің үзінділері. Бейнероликті 300 мыңнан астам көрермен тамашалаған.