Экс-министр Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

Ulysmedia

Бұрынғы экология министрі Серікқали Брешекев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі мәлім етті.

"Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" ҰК” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол газ жобаларының дамуына жетекшілік етеді", – деп хабарлады қордан.

Еске сала кетейік, Брекешев 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған.