Қазақстан мен Еуроодақ бірлескен мәлімдеме жасады

Ulysmedia

Бұл туралы Еуропалық Одақтың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Бүгін Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады. Соңғы үш онжылдықта біз өзара құрмет пен сенімге негізделген берік серіктестік құра алдық", – делінген Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президентінің мәлімдемесінде.

Қазақстан мен ЕО 1995 жылы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім экономика, сауда және инвестициялардан бастап авиация, білім беру және зерттеу, азаматтық қоғам және адам құқықтары саласындағы ынтымақтастыққа дейінгі 29 саланы қамтиды.

"Қазақстан мен ЕО ӨСК-ны толық іске асыру мақсатында өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және нығайтуға берік ниет білдіруде. ЕО Қазақстандағы "Әділ Қазақстан" көзқарасын ілгерілету жөніндегі ауқымды саяси және экономикалық реформаларды, сондай-ақ елдің 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға толық және транспарентті тергеу жүргізуге бейілділігін толық қолдайтынын тағы да мәлімдейді", – делінген хабарламада.