Мемлекет Назарбаев кітапханасын қаржыландыруды қашан қысқартады

Ulysmedia

Елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітапханасын мемлекеттік қаржыландыруды қысқарту мәселесі наурыз айында қаралмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

"Біз жылдан жылға барлық шығындарды оңтайландыратын боламыз. Оның ішінде кітапхананы қаржыландыру да қысқарады. Наурызда бюджетті нақтылау кезінде бұл мәселені қарайтын боламыз", – деді министр Үкімет кулуарында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне көліктік қызмет көрсетуге бюджеттен 65 млн теңге жұмсалатыны хабарланған.