Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жөнелтеді

Ulysmedia

Еліміз жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды.

Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінеді. Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына төрт әуе рейсімен жеткізілмек.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын.

Сондай-ақ, президенттің тапсырмасы бойынша Түркияға 1 млн доллар бөлінді.