Жаслан Мәдиев Қазақстан үкіметіндегі қызметін сақтап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Мемлекет басшысының жарлығымен ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мәдиев туралы не белгілі?
Жаслан Мәдиев 1983 жылғы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Әлемдік экономика және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ Колумбия университеті мен Массачусетс технологиялық институтында (MIT) білім алып, MPA және MBA дәрежелерін алған.
Әр жылдары Ұлттық банкте жұмыс істеп, ұлттық экономика вице-министрі және цифрлық даму вице-министрі қызметтерін атқарды.
2024-2025 жылдары цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды. Ал 2025 жылдың қыркүйегінен бастап жасанды интеллект және цифрлық даму бағытына жетекшілік етіп келеді.
Контекст
Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Тілеуберді қайтадан сыртқы істер министрі болғанын жазған едік.
3 қыркүйекте Дәурен Қосанов қорғаныс министрі, ал Ержан Сәденов ішкі істер министрі қызметіне қайта тағайындалды.
Ал Ғалымжан Қойшыбаев үкімет аппаратын қайта басқаратын болды.