Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі қызметіне қайта тағайындалды

Сырым Қаржас
Үкіметтің баспасөз қызметі

Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Шаққалиевтің еңбек жолы

Арман Абайұлы Шаққалиев 1977 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Қостанай инженерлік-экономикалық университетін, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2018-2020 жылдары Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болды.

2022 жылы Шәккалиұлы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ал 2023 жылғы қыркүйекте ведомство басшысы атанды.

Енді ол Сауда және интеграция министрі қызметіндегі жұмысын жалғастырады.