Тағы бір жаңа министр: Қырықбаев Балаеваның орнын басты

Сырым Қаржас
Ақорда

Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Арман Қырықбаев

Арман Қырықбаев 1976 жылғы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «экономист-халықаралық маман» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылы Қырықбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды. 2024 жылғы наурызда Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімін басқарды. Ал 2025 жылғы ақпаннан бастап Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып келді.