Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Конституциялық сот "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Заңның күші жойылды деп таныған болатын. 13 қаңтарда Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында Назарбаевтың ерекше мәртебесінен айырылуы мақұлданды.