Энергетика министрінің айтуынша, Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы Германияға жөнелтілгелі жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Бәрі сәтті. Проблема жоқ. Алғашқы партия бүгін тиеледі", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Айта кетсек, жаңа жылдан кейін Еуропа елдері Ресей мұнайын сатып алудан бас тартқан еді. Украинадағы соғысқа байланысты Еуропа елдері Ресей мұнайына эмбарго жариялаған.