Саяси партиялардың сайлауалды дебатына қанша қаржы бөлінді

Ulysmedia

Орталық сайлау комиссиясының талдау және коммуникация аппараты бөлімі жетекшісінің орынбасары Әшім Бердібеков саяси партиялардың сайлауалды пікірсайысын өткізуге қанша қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«16 наурызда өтетін саяси партиялардың сайлауалды пікірсайысын өткізуге 63 млн теңге бөлінді. Былтыр да дәл осы сома болған еді. Өзін-өзі ұсынған кандидаттардың да дебат өткізу мүмкіндіктері бар. Ол туралы ҚР Сайлау туралы заңының 2 және 3 тармағында көрсетілген. Оларға берілген құқық бойынша дебатты қандай телеарнада және оның регламентін өздері бекітеді», - деді Әшім Бердібеков баспасөз мәслихатында.

ОСК мүшелерінің айтуынша, бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетіндер пікірсайыс шығынын толықтай өздері өтейді.