Қазақстаннан Ресейге ақша аударымдары көбейді

Ғалиасқар Думан

Қазақстаннан ақша аударымдары бір айда 25 миллиардтан астам теңгеге қысқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылдың қаңтарында шетелге ақша аудару жүйелері арқылы 49,2 млрд теңге жіберілген. Бұл 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 25,4 млрд теңгеге немесе 34,1% аз".

Деректерге сүйенсек, бір ай ішінде Түркияға (14, 7 млрд теңге, бұл желтоқсанмен салыстырғанда 6,7 млрд теңгеге аз) және Ресейге (13,1 млрд теңге, желтоқсанмен салыстырғанда 7,3 млрд теңгеге аз) аударымдар азайды.

"Өзбекстанға (8,2 млрд  теңге(-5,6 млрд), Қырғызстанға – 1,6 млрд теңге (-737,7 млн) және Әзірбайжанға 952 млн теңге (-340,6 млн) аударылған. Бұл – соңғы үш жылдағы ең төмен деңгей.

Мамандардың талдауынша,  айлық мәнде көрсеткіштер төмендегімен, 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда Қазақстаннан жіберілген аударымдар 3,4 млрд теңгеге өсті. Атап айтқанда, Ресей (+5,8 млрд теңге) және Түркияға (4,3 млрд теңге) аударымдар көбейген.