БҚО тұрғындарының мемлекетке қарызы 401 млн теңгеден асып жығылды

Ғалиасқар Думан

Батыс Қазақстан облысының тұрғындарының салық бойынша 401 млн теңге берешегі бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

"Батыс Қазақстан облысының 30 276 тұрғынының 401,8 млн теңге салықтық қарызы бар. Берешектердің басым бөлігі көлік салығына тмесілі – 82,3% немесе 330,8 млн теңге", – деп хабарлады облыстық мемлекеттік кірістер департаменті.

Аймақта барлығы 208 403 жеке тұлға тіркелген, олардың меншігінде 258 703 салық салу нысандары бар – бұл жылжымайтын мүлік және көлік.

"2022 жылы барлық салықтарды 178 127 жеке тұлға немесе облыс тұрғындарының 85,5% төледі, олардан бюждетке 2, 054 млрд теңге түсті (оның ішінде 503,9 млн теңге– мүлік салығы және 1,550 млрд теңге – көлік салығы)", – делінген ақпаратта.

Қазақстанда қазынаға қарыз болғандар ғана емес, банктерге берешегін өтей алмай жүргендер де көбейді. Ел тұрғындардың жалпы қарыз сомасы 1 трлн теңгеге жеткен. Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржановтың айтуынша, борышын өтей алмай жүргендердің қарыздарының 95 пайызы – 5,5 млн теңгеге дейінгі тұтынушылық несиелер.

Айта кетсек, бұдан бұрын Сенат төрағасы Қазақстанның 12 өңірінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын халықтың үлесі артқанын мәлімдеген.