Ресейліктердің Қазақстан банктеріне салымдары күрт өсті

Ulysmedia

Шетел азаматтарының қазақстандық банктердегі салымдары айтарлықтай өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

mobillegends.net

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті.

"Қазақстанда резидент еместердің салымдары 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 3,8 есе өсті", – делінген банктің 2023 жылғы ақпандағы ақша-кредит саясаты туралы есебінде.

Есепке сүйенсек, бұл "негізінен 2022 жылдың ортасынан бастап Ресей Федерациясы азаматтарының көші-қоны аясында жеке тұлғалардың валюталық шоттарына валютадағы қаражаттың түсуіне байланысты".

Айта кетейік, Қазақстаннан ақша аударымдары бір айда 25 миллиардтан астам теңгеге қысқарды.

Ұлттық банк мәліметінше, 2023 жылдың қаңтарында шетелге ақша аудару жүйелері арқылы 49,2 млрд теңге жіберілген. Бұл 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 25,4 млрд теңгеге немесе 34,1% аз.

Мамандардың талдауынша,  айлық мәнде көрсеткіштер төмендегімен, 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда Қазақстаннан жіберілген аударымдар 3,4 млрд теңгеге өсті. Атап айтқанда, Ресей (+5,8 млрд теңге) және Түркияға (4,3 млрд теңге) аударымдар көбейген.