Сұлтанқызы, Өтешов: Астана мәслихатына Amanat атынан кімдер өтті

Ulysmedia

AMANAT партиясы атынан Астана қалалық мәслихатына депутат болып сайланғандар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

AMANAT партиясы 12 кандидаттың тізімін бекітіп, мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жолдады.

Айта кетейік, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауында АMANAT партиясы сайлаушылардың 68,78% дауысын жинады.

Депутаттар тізімі:

Кендебай Адамбеков

Ерлан Дәкенов

Берік Жакенов

Табиғат Зейнулкабден

Ерлан Каналимов

Арсланбек Мағзұм

Абзал Сағымбаев

Ләйлә Сұлтанқызы

Динара Уразалина

Нұрлан Өтешев

Алтыншаш Табылдина

Бауыржан Қасымбергебаев.

Еске салайық, бүгін Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы жасақталды. Төменгі палатаға сайлауда жеткілікті дауыс жинаған 6 партияның өкілдері, сондай-ақ, бір мандатты округтер бойынша сайланған 29 азамат депутат болды.