Марат Ахметжанов ішкі істер министрі қызметінде қалды

Ғалиасқар Думан
Фото: Ашық дереккөзден

Президент жарлығымен Марат Ахметжанов ішкі істер министрі қызметінде қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорданың хабарламасында.