Серік Жұманғарин премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметінде қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Жұманғарин бұл қызметті 2022 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
Айта кетейік, Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Роман Скляр да өз орнында қалды.