Тоқаев Жақсылықовтың орынбасарын орнынан алды

Ғалиасқар Думан
gov.kz

Президент Қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Тоқаев Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындаған.