Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысынан кейін Қазақстан Үкіметі Қашаған мен Қарашығанақ операторларының үстінен арыз түсіргенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Үкімет Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарының операторларының үстінен арыз түсіргені рас па? Рас болса, талап арыздың мәні мен талап сомасы қандай?», - деп сұрады журналист.
Министр ол мәліметті растап, аталап арыздың сомасын да атады.
«Иә, шынымен де PSA компаниясы үкіметтің уәкілетті органы ретінде Қарашығанақ пен Қашаған компанияларының үстінен халықаралық төрелікке арыз түсірді. Мен пікір білдіруге шектеулімін. Жалғыз айта алатыным, бұл талап арыздар халық мүддесінде беріліп отыр. Талаптың сомасы 3,5 және 13 млрд доллар көлемінде», - деді Энергетика министрі.