Тоқаев вакцина әзірлеу барысымен таныспақ

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: фб Берік Уәли

Сапар барысында Тоқаев иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады.

Сондай-ақ мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды.