Серікбай Тұрымов 7 қыркүйекте облыс әкімі қызметінен босатылған
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серікбай Өтелгенұлы Трұмов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Серікбай Трұмов 1964 жылы 3 маусымда Гурьев облысы Форт-Шевченко қаласында туған. 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Бір ауданда екі рет әкім болған.
2004-2006 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.
2006-2008 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2008-2012 жылдары – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі.
2012-2015 жылдары – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі.
2015-2017 жылдары – Ақтау қаласының әкімі.
2017 жылы қараша айында 6-сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2019 ж. маусым айынан 2021 ж. 7 қыркүйекке дейін Маңғыстау облысының әкімі болды.