Астана әуежайының басшысы ауысты

Айнель Аянова

Астана халықаралық әуежайының басқарма төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31 мамырдағы бұйрығымен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды», - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, әуежайдың бұған дейінгі басқарма төрағасы Дәулет Хамзин 2022 жылдың қыркүйегінен бері басшылық етті.