Светлана Жақыпова жаңа қызметке тағайындалды

Ғалиасқар Думан

Светлана Жақыпова Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Тоқаев Динара Зәкиеваны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындаған.