Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді және Ресей халқын ұлттық мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жеделхатында Ресей халқына амандық тіледі, сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, бұдан бұрын Владимир Путиннің Мәскеудегі ЕАЭО саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген хатында не жазылғаны белгілі болған еді.