"Өте жағымсыз әсер қалдырады": Тоқаев Астанадағы интернет сапасы жайлы

Ғалиасқар Думан

Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте президент қаладағы интернет сапасын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inbusiness.kz

«Қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы жағдайында адамның, әсіресе қала тұрғынының негізгі қажеттіліктерінің бірі интернетке қол жеткізу. Біз барлық жерде Астананы «ақылды қала» және өңірлік IT-хаб ретінде мәлімдейміз. Бұл пайым өз кезегінде базалық цифрлық инфрақұрылымның жоғары сапалы екенін меңзейді. Алайда, елордадағы интернет пен ұялы байланыстың қалыпты жұмыс істеу деңгейі жетілдіруді қажет етеді. Бұл тұрғындар үшін қолайсыздық туғызып қана қоймай, қала экономикасына елеулі зиян келтіреді, елорда қонақтарының санасында өте жағымсыз әсер қалдырады», - деді Тоқаев.

Айта кетейік, Астана әкіміне елорданың түйткілді мәселелерін шешуге 1 жыл уақыт берілді.