Елде 500 мыңға жуық адам зейнетақының бір бөлігімен үй мәселесін шешті

Аян Өрібай

Нақтырақ айтқанда 491 700 адам зейнетақының бір бөлігін алып, баспана мәселесін реттеген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 194,3 млрд теңгеге немесе 1,5%-ке ұлғайып, биылғы жылғы қыркүйектің соңында 13,1 трлн. теңге болды. Есепті күнге салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға арналған орындалған өтініштерінің саны 1,9 трлн теңгеге 491,7 мың болды. Оның 97,5%-і тұрғын үй мәселелерін шешуге тиесілі», - деді ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, биылғы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша инфляция 6,2% болған кезде 8,9% мөлшерінде кірістілік алынған. Осылайша, жыл басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 2,7% мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілген.