ТДМ елдері вакцинация паспортын өзара тануды жеделдетуі керек - Тоқаев

Ulysmedia

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерін COVID-19-дан вакцинация паспорттарын өзара тануты жеделдетуге шақырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«ТМД кеңістігінде вакцинация паспорттарын өзара тануды жеделдетуді ұсынамын», - деді Тоқаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл өзара сенім мен ынтымақтастықтың маңызды бөлігі саналады.

«Мұндай шешім қабылдай отырып, біз азаматтарымыздың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз», - деп толықтырды президент.