Ulysmedia.kz алаңына бұл жолы жұмбақ жағдайда көз жұмған марқұм Ақнәр Гүлстанның анасы Қамит Гүлстанды шақырдық. Қызының өлімін әділ тергеуді талап еткен, қара жамылған ананың бұл күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінен әділдік сұраудан басқа амалы қалмаған. Бізге берген сұхбатында Қамит ханым сол түні болған оқиғаның мән-жайын айтып, тергеу әділ жүріп, өзі кінәлі деп білетін адамдарды жазалау үшін соңына дейін күресуге бекінгенін айтты.
«АНАУ ӨЛДІ, МЕН ТУАЛЕТТЕ ҚОРҚЫП ОТЫРМЫН»
– Қамит ханым, 2024 жылдың шілдесіне оралсақ, сіздің нұсқаңызда оқиға қалай болды? Полиция не дейді?
– 2024 жылдың 20 шілдесінде біз негізінен Қытайға жұмыстармен барғанбыз. Қызым қайтыс болардан екі күн бұрын еді. Сол 19-ынан 20-на қараған түні сағат 2:30 шамасында телефоныма қызымнан уатсап арқылы қоңыраулар түсіп жатыр екен. Ол кезде біз ұйқыда жатқанбыз. Телефонның дыбысын естігеннен кейін мен залға жүгірдім. Бардым, қарадым, қызымнан 3 рет звонок түскен екен. Қайтадан өзіне қоңырау шалғанда ешкім көтермеді. Қатты алаңдадым. Өйткені қызымнан бұрын осындай кеш уақытта қоңыраулар қабылдап көрмегем. Сосын әкесінің телефонымен қоңырау шалдық. Қатты алаңдадық. Кейін біраз уақыт өткеннен кейін қызымның телефонынан қоңыраулар келді. Тілін шайнап бір қыз звандады бізге. Мына жерде төбелесіп жатыр, ана қыз ана қыздың шашын жұлды. Үйдің іші шағылды деген сияқты әңгіме айтты.
– Сол желіде жарияланған уатсап аудионы айтып отырсыз ғой?
– Жо-жоқ, ол емес. Қоңырау шалып айтты. Сосын мен «ондай болса телефонды Ақнәрге бер, мен өзім сөйлесейін, не жағдай болып жатқанын білейін, сендер қалай, не үшін бірге отырдыңдар» дедім.
– Қоңырау шалған қыздың аты кім?
– Дидар.
– Ол қазір қорғалуға құқығы бар куәгер ме?
– Иә, мен айттым «көршілеріңе бар, охрананы шақыр, енді ондай айқай-шу болмауы керек қой, не жағдай» дедім. «Жоқ, мен ешкімге бармаймын, мен полицияға ұстап беремін» деді. Дегеннен кейін ол әңгіме жабылды. Кейін мен мекенжайың қайда, не жағдай болып жатыр?» деп сұрадым. Кейін ол звоногымызды баса салды. Содан кейін әкесіне желіде тарап жүрген аудионы жариялады. «Ана қыз ана қызды қылқындырды, шашын жұлды, анау өлді, мен қорқып туалетте отырмын» деген сияқты аудиолар келді. Сол аудиолар келгеннен кейін әкесі екеуміз тіпті қорықтық.
– Қазақстан бойынша сағат нешеде болды, Қытай бойынша екіде болса?
– Мен сол Қазақстан бойынша айтып отырмын. Әкесіне түскен уақыт 2:38 болуы керек, содан кейін мен Алматыдағы бүкіл туған-туысқа қоңырау шалдым. Түн ортасы болғаннан кейін ала алмадым. Әйтеуір бір інім ояу болды. Оған «Ақнәр қайда екенін білмеймін. Осындай жағдай, маған біреулер звандап жатыр. Сен өз көлігіңмен қаланың ішіне қарай шыға берші. Әйтеуір бір жөні болар деймін» ғой. Аралықта хабарын айтам егер бір хабары болып қалса дедім. Ол қыз маған Қытайша жазғаннан кейін мен оған Қытайша «сендер қай адрестесіңдер, ағасы барады» деп жаздым. Біраз уақыттан кейін ол қыздан маған «ЖК Амир, блок 7» деген адрес келді. Сосын ағасына «сол жаққа бара бер» дедім. Ағасына да «қоңырау шалып тұр» дедім. Аналар баса салады, баса салады. Не істейтінімді білмеймін, ағасы «бара жатырмын» деді. Одан кейін збандап едім, ағасы айтты «бір қыз алды, тілін шайнап мас болып тұр. Аналар төбелесіп жатыр, өлтірді» деп айтты. Мен «егер төбелесіп, өлтіріп жатса, ажыратып, полиция шақырмайсың ба, сенің өзіңе қылмыс артылады, бармайсың ба?» деп едім, телефонды өшіре салды деді. Менің інім 3-тен 5 минут өткенде барған ғой. Ана қыз 2:54-тер шамасында сол оқиға болған. Інім барып, пәтердің нөмірін таппайды. Қайсы квартира екенін айтпағаннан кейін үйге кіреді әрең тауып. Барса, полиция, екі қыз жүр екен дейді. Бір қыз жылап, екіншісі қасында сазарып отыр екен дейді. Інім «ойымда ештеңе жоқ, жатын бөлмеге кірдім, кухняға кірдім. Өлді деген ол уақытта ойыма ештеңе кірген жоқ» дейді. Жоқ болғаннан кейін шығып, інім «Ақнәр қайда?» деп әлгі қыздардан сұраған. Екі қыз ешқандай эмоциясыз «секіріп кетті» деп айтты дейді. Сосын інім оларға «құдай төбелеріңнен ұрсын, не жағдай?» десе, ана қыз аузына келгенін айтып көкіген ғой. 12-ші ауруханаға алып кетті дегеннен кейін солай қарай жүгірген. Сол жақта туысқандар бәрі бірге болады. «Қыз комада» деген хабарды естіген соң басқа нәрсе ойламайды. Мықты дәрігерлерді түнімен іздейді. Сосын таңертең сағат 8 жарым болғанда, ол жерде отыздай адам жүрген ғой. Бәрі ақылдасып «ана жақ не болып жатыр, енді барайық» дейді. Олар ойлаған анау жерде полиция барлығын мұқият қарап, анау екі қызды баяғыда апарып қамап, сұрағын алып, солай жасап жатқан болар деп ойлаған ғой.
Таңертеңгі сағат сегіз жарымда РУВД-ның алдына барады. Барса анау екі қыз келе жатыр екен дейді. Ағам жағдайды білейін деп «әй, қызым, бері кел, не жағдай болды?» десе, Дидар есімді қыз «менімен сөйлеспеңдер, адвокатыммен сөйлесіңдер» деп жауап берген. Сағат сегіз жарымда қасында адвокаты жүр. Сөйтіп кіріп кетеді. Сосын ағаларым «бұл не жағдай, бұлар неге таң атқанда келе жатыр, сендер бұлардан жауап алмағансыңдар ма?» десе, РУВД-ның сол күнгі басшылары бар, кезекшілері бар бәрі шығып «екі қыз өте көп мас болды, олардан жауап алу мүмкін болмады» деп жауап берген. Мас болса, сауықтыру орнына отырғызып қойып, сауыққаннан кейін неге жауап алмады?
– Мас болғанда апарып сараптама жасайды ғой, ондай ешнәрсе жасамаған ба?
– Қай кезде сараптама алып, қай кезде не болғанын білмеймін. Әйтеуір 8 жарымда ана қыздардың келе жатқанын көрген. Ол жерде адам өлімі болып отыр. Екі қыз ҚХР азаматы. Енді шетел азаматы болғаннан кейін бұл жерде Қазақстан азаматы дүниеден өтіп жатыр. Қандай жағдайда да адам өлімі тіркелгеннен кейін, ішімдік болғаннан кейін полиция оларды ең кемі 72 сағатқа күзетпен ұстауға қою керек қой. Оның бірі жасалмаған.
– Оқиға болған пәтерде саусақ іздерін алып, барлық зерттеулер жасалған ба?
– Жоқ. Қыздардың саусақ іздерін алған-алмағаны белгісіз. Осы оқиға желісінде туысқандарым ертесіне қайтып кетеді. Біз боздап шекарадан келеміз.
ПОЛИЦИЯДАН МҰНДАЙ ЖАУА ЕСТИМІН ДЕП ОЙЛАҒАН ЖОҚПЫН
– Сіз келе жатқанда қызыңыз емханада болды ма?
– Иә, емханада жатты. Мен 12-ші ауруханаға келген кезде, қызым мен келерден 40 минут бұрын о дүниеге аттаныпты. «Моргқа әкетеміз» деді. Мен барлығына қарсылық көрсеткен жоқпын, «жарайды» дедім. «Зерттеңіздер, тексеріңіздер» дедім. Сол күні мен Алматыда едім, ертесіне таңертең жұлынған жүректі сүйреп РУВД-ға бардым. Түн ортасында қайдағы адвокат? Туысқандарыммен барып «не жағдай болды? Қызым қалай қаза тапты»? деп сұраймын ғой. Маған РУВД-дағылар «Жоқ, сіздің қызыңыз өзі секіріп кеткен» деп жауап беріп тұр. Тура солардың алдында секіріп кеткен сияқты менің қызым. Анау Бостандық ауданының полиция бөлімі сол «Амир» тұрғын үй кешенінің алдында түнде барып тұрған сияқты. Сосын менің қызым солардың көз алдында секіріп кеткен бе деймін. Маған солай айтады. Мен «жоқ, менің қызым ондай қадамға баратын қыз емес. Дұрыстап анықтаңдар» дедім. Содан соң сол жерде тағы Нұрғази Құдабаева деген адвокатты жалдадым. Сол кісіні ертіп ап, РУВД-ға тағы барамын. «Қызымның заттары қайда, мені уақиға болған орынның хаттамасымен таныстырыңыздар, не жағдай болды, уақиға болған орынды маған көрсетіңіздер» дедім. Адвокат «камераны қойып отырып, қыздардан жауап алдыңыздар ма?» деп сұрады. «Жоқ, ондай жауап алмадық» деді. «Не үшін камераны қойып жауап алмайсыздар, өйткені ең бірінші алынған жауап нақты жауап болады. Олар ол кезде психологиялық жағынан дайын болмайды, не істеді, соны айтатын еді ғой?» деп менің адвокатым да соны айтты. Ол кезде ондай жауап алынбаған.
– Неге жазылмаған?
– Иә, енді ол тергеу бойынша қандай қағаз алды, оны мен білмеймін ғой. Бізге солай жауап берді. Оның ертесінде мен тағы да бардым. Қызым ол күні уақиға орнына пижамамен барған жоқ дедім.
– Ол пәтер кімнің пәтері еді?
– Ақдидар деген қыздың арендаға алған пәтері. Мен «қызымның сырт киімдері қайда, аяқ киімі қайда, сөмкесі, әмияны, жеке куәліктері, банк карточкалары қайда?» деп сұрадым. Қыз бала әдетте мынадай кішкентай сөмкенің ішіне бәленбай затын тығып алып жүреді. Бүйтіп алып шығатын болсаң қаншама зат шығады. Ақнәр осындай сөмке апарған, ал сол сөмкенің ішіндегісі қайда?» деймін. Маған полициядағылар «ол жерде үш қыз болды ғой. Қайсысы кімнің заты деп көтеріп жүреміз бе?» деді. Өмірімде полициядан мынадай жауап естимін деп мен ойлаған жоқпын. Мен де талай нәрсені көрдім. Бірақ ол жерде күшік, тышқан не жәндік өлген жоқ. «Сіздерде тым болмағанда мына қайтыс болған қыздың басқа заттары бар ма еді, осы қандай киім киіп келген еді деген сияқты сіздерде сұрақ болмай ма?» десем, оған жауап бермейді.
Екі күннен кейін қызымды астанаға сүйремей, Талдықорғанда жер қойнына тапсырайық дедік. Бірақ ол аралықта істің осылай болып жатқанын сезген менің достарым болсын, «қыздың мәйітін моргтан Астанаға төте алып келіңдер. Біз табытпен көтеріп, президент әкімшілігінің алдына барып, сол жерде резонанс жасаймыз. Мынау не сұмдық? Екі қыз әлі қамаққа алынбаса» деді. Біз бірақ «ақырын күтейік» дедік те, ол қызды Талдықорғанға алып бардық. Мәйітті жуындырған кезде туысқандарым, үлкен апаларым кірді. Өзім де барып көрген кезде қызымның денесі тырналған, кеңірдегінде қылқындырған тырнақ ізі, білегінде тістелген бүйірінде міне, тебілгені, үш тырнағы маникюр жасатқан, мына тырнақ бас бармақтың тырнағы еті ғана көрініп қалған. Міне мынау сол кездегі видеодан алынған бейне: бетінде сол кезде тырнақтың іздері, көзінің айналасы көгергеніне қарап оның қаншалықты қорлық көргенін аңғаруға болады. Мына жерде тұншықтырады, ал мына жерде қан тамған тәпішке жатыр.
– Оның бәрін тіркеген жоқ қой?
– Мен тергеу әділ, бәрі дұрыс жүріп жатыр деп ойладым. Мүмкін менің жүрегіме құдай сездірген шығар. Ертеңгі күні фактіге керек болады деген сияқты. Кейін… қайтадан келдік. Бұлар қайтадан экспертиза тағайындаймыз деді. Сіңілім оқиға болған кезде ана қыздарға қоңырау шалған. «Ақнәрге телефонды берші» деген, анау күйеубалам жалынған «балам, телефон берші біз сөйлесейік қалай жағдай?» деген. Бермеген, «бермеймін» деген, бітті. Ақнәрдің телефоны сол Дидардың қолында болған ғой. «103 -ке збандағаны бар, осының барлығын сіздер анықтаңыздар» деп менің адвокатым 13 өтініш хат жазады. Оның біреуі орындалмайды. Барады, РУВД-да жатады. Ал сосын кейін бұл аралықта тергеуші больничный аштырады да, үйлену тойын жасап кетеді. Оны артынан кейін білдік.
– Кімнің тойы?
– Жаңағы РУВД-дағы тергеушінің үйлену тойы. Оны біздің жаңағы жүргендер айтады.
– Тергеушінің аты-жөнін айта салыңызшы.
– Дәулет Шаймұратов. Тамыздың 5-і күні экспертиза тағайындадық дейді. Қыз қайтыс болғаннан 15 күннен кейін. Ал жақсы. Оқиға орнын мен қызымның жаңағы жағдайын көрдім ғой. Одан «не үшін жаппайсыздар, ол жерден не алдыңыздар, қызымның несі тырналған, қыздардың тырнағынан биосараптама алдыңыздар ма? Сіздер ол жерде жатқан кілемді алдыңыздар ма? Менің қызымның жұлынған шашы бар шығар. Жылағандағы көзінің жасы бар шығар. Не үшін осы нәрселердің бәрі алынбайды? Екі адам төбелескен жерге әдетте мөр басып қояды. Ал сонда сіздер неге бұлай жасайсыздар?» деп сұрадым.
– Масқара! Менің ойымша, бұл ешқандай кәсібилікке де жатпайды, ақылға қонымсыз полицияның әрекеті.
– 5 шілде күні сол «Амир» тұрғын үй кешенінің сыртында аңдып жүріп қарасам, жетінші қабатта біреулер терезе сүртіп жатыр екен. Содан олар бізге ашпайды. Біз есік ашылған сәтті күтіп тұрып, содан кейін ғана кірдік
– Екі қыз Ақнәрмен қашаннан бері таныс?
– Ақнәр КИМЭП-те оқып жүрген кезде Дидар Қытайдан келген екен, сонымен жатақхана таңдаған кезде 3 ай бірге жатқан. Пандемиядан кейін, екінші курс кезі ғой деймін. Ал Рана ол сырттай ғана таныс. Тура осы жаздық оқу бар ғой шілде айындағы, негізінен КИМЭП-тің жаздық оқуына келген. Сол жаздық оқу кезінде группалас болған. Бұрын таниды, бірақ жақын құрбылар емес. Мен 25-і күні барған кезде, қызығы, ол үйде уборка жасап жатады. Оның видеосы бар менде. Біз түсірдік, бәрін көрдік.
Дидардың адвокаты Палмановтың берген сұқбатында 13 сәуірде болған оқиға бар. Біз өйткені адвокатымен пресс конференция берген күні менің мақсатым 20 июль күнгі уақиғаны және біздің құқық қорғау органдарындағы 10 ай бойы сақталған мәселе мен әділет таппай жүргенім, менің қолымдағы 20 июль күнгі дәлел фактыларды көрсету болды. бірақ мен сол күнгі пресс конференцияның соңында айтқан едім: бұл тек қана соңғы реткісі емес. бұлар бұдан бұрын да менің қызымды қасақана бір іске ұрындырып, болмаса өлтіру мақсатында болған, жоспарлаған.
– Сіз Алматы полиция департаменті басшысына барып көрген жоқсыз ба?
– Мен қазан айының 17-сінде орынбасары Шәріпбек мырзаның қабылдауында болдым.
– Ол кісі не айтты?
– Ол кезде іс 3 айға созылып кеткен. «Ойбай тергеп жатырмыз» дейді, бірақ менің адвокаттарым жіберген өтініш хаттардың біреуі тергеуші тараптан орындалып, бір адам да жауапқа алынбайды. Біз тауып берген блогер мысалы қыз айналып құлағанына қарағанда итерген болуы мүмкін деген. Ол блогерді мен өзім тауып алдым. Сол блогерден барып сұрақ ал деймін, жауап ал деймін. Оны шақырмайды. Сөйтіп жүрген кезде мен бір қыздың, анау қорғалуға құқығы бар деген қыздың Қытайда жүргенін ортақ таныстарым арқылы біліп қаламын. Тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқан кезде бұл қыз неге Қытайда жүреді?
– Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің қабылдауына жазылып, мәселенің мән-жайын айтып көруге тырыстыңыз ба?
– Департаменттің орынбасарының қабылдауында болдым, алдында РУВД-ның басшыларына барып, уәжімді айттым. Аудандық прокурорларға барып уәжімді айттым. Одан барып департаментке шықтым, қалалық прокуратура өкілдерімен кездестім. Мен барлық уәждерімді айттым.
– Сіз Тоқаевқа үндеу жасадыңыз, осы үндеуден кейін бір қандай да бір қоңыраулар қандай да бір қолдаулар болды ма?
– Ол кісіге үндеу жасағаннан кейін сол күні кешке Алматы қалалық департаменттің жаңағы орынбасары Шәріпов шығып көңіл айтты. Істің қозғалғанын жеткізді. Ал сол кезде менің таң қалатыным: 10 ай бойы іс қозғалды, жеп-жеңіл бір баппен қозғап қойды. Енді не үшін сонда 99-дың екісіне көтеруге болмайды? Қыздардың бас шарасын өзгертіп, оны қолға ұстауға болмайды деген мәселе көтеріп отырмын.
Біздің президентіміз Әділетті Қазақстан деп айтып жатыр. Кейін бір сөзінде бір кезде егер елде заң үстемдік орнатса, халықтың билікке деген сенімі артады деді. Ал менің құқық қорғау органдарынан 10 ай бойы естіген жауаптарым мынау. Сонда кімге сенім артам? Қазіргі мендені арман – әділдік табу. Қызымды ақіретке ақ кебінге орап тапсырғаныма 9 ай, 9 күн болады. Бір адамның жаратылып, дүниеге келетін уақыты. Құқық қорғау органдары «резонанс тудырмаңыздар, анау-мынау» дейді. Қызымнан айрылып екі етегі жасқа толып қаралы азалы болып жүрген анамын. Қызымның ар-ұжданын ақтау үшін, әділдікке жету үшін бәріне барамын. Қазақта темір етігімен теңгедей, темір таяғынан тебендей болғанша күресемін. Президенттен, Ақордадан, құқық қорғау органдарынан әділдік күтемін. Іс жабылып қалмай, әділ шешім шығады деп сенемін.