БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталды. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚҰЖАТТАР 10 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Құрметті әріптестер! БАҚ саласы бойынша Мемлекет басшысының 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ Алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталды. Жекелеген журналистер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады. Ерекше ескерерлік жайт, үміткерлерден 2025 жылғы 1 маусым мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады. Құжаттарды 2026 жылғы 10 маусымға дейін өткізуге болады, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне әр жылдары сыйға тартылған жылқыларды көріп, олардың күтімін тексерген болатын.
ПРЕЗИДЕНТ НЕ ДЕДІ?
Мемлекет басшысы бір жыл бұрын ақалтеке тұқымынан туған ақ боз құлынға Ақжан деген ат қойғанын еске алды.
Бір жыл бұрын ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап едім. Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады. Президент Іс басқармасының атқорасында жақында Қатар елінен сыйға келген араб арғымақтары да бар, – деді Тоқаев.