Тәтті құмарлар Қазақстанның қай өңірінде көп?

Ulysmedia

Жалғыз тұратын қазақстандықтар тәттіні көп тұтынады екен. Олар тәттіні үш адамнан тұратын отбасыға қарағанда бір жарым есе, ал бес адамнан тұратын отбасыға қарағанда екі есе көп жейді. Сондықтан тәтті құмарларға жалғыз тұру тиімді сияқты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Energyprom.kz мәліметінше, биыл тәтті өнімдерді тұтыну 2%-ға өскен.

2021 жылдың екінші тоқсанында елімізде қант, джем, бал, шоколад пен кондитерлік өнімдерді тұтыну 2,4%-ға, жан басына шаққанда орташа алғанда 11 келіге дейін артқан.

Қарағанды облысының тұрғындары кондитерлік өнімдер мен қантты ең көп тұтынады екен: 13,1 кг.

Тәтті құмарлар қатарына Қызылорда облысының тұрғындары (12,9 кг тәтті) мен Ақмола облысының тұрғындары да (12,9 кг тәтті) кірді.

Тәттіні тұтыну мөлшері Қостанай облысында да біршама артқан. Бір жылда бірден 16,6%-ға, 11,7 кг дейін ұлғайған. 

Тәттіні ең аз жейтін – Шымкент тұрғындары. Олар бір тоқсанда жан басына шаққанда орташа алғанда 7,2 кг өнім тұтынады, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,4%-ға аз.