Шетел компаниялары Қазақстанға мұнайының табысын әділ бөліп беріп отыр ма

Аян Өрібай

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, өнімді бөлу жөнінде келісімге қол қойылып, бекітіліп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шетел инвесторлармен өнімді бөлу жөніндегі келісім (ӨБК) шарттарын ашу талабына түсініктеме берді.

– Өздеріңіз білетіндей, шетелдік компаниялар өндірілетін мұнай өндірісі мен көлемі бойынша флагмандар. Олармен жұмыс істеу кезінде ӨБК іске асырумен байланысты арнайы тетіктер пайдаланылады. Менің ойымша, мұнда проблемалар жоқ. Барлығы өзара іс-қимыл тұрғысынан құқық шеңберінде жүреді. Қазақстандағы заңнаманың орындалуына байланысты мәселелер бар. ӨБК іске асыруға байланысты да. Көріп отырғаныңыздай, еңбек қатынастары бойынша экологиялық даулар жүріп жатыр. ӨБК іске асырумен байланысты мәселелер халықаралық төреліктерде шешілетін таза коммерциялық даулар болып есептеледі, - деді ол.

Министр Қазақстан бірінші кезекте қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге мүдделі екенін айтты. 

"Бұл келісімдер әділ ме?" деп сұралған министрден.

– Келісімдерге қол қойылды, бекітілді. Халықаралық құқыққа сәйкес біз оларды орындауға міндеттіміз, - деді ол.

Бұдан бұрын "Теңізшевройл", КПО және NCOC бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің талаптарын ашуды талап ететін петиция жарияланған еді Құжат Энергетика министрлігіне жолданды. 

Авторлар бұл новеллалардың барлығы орындалмайтын декларация болып қала беретінін қосты. Сонымен қатар, инвесторлармен жоғарыда аталған келісімдер экологияға қатысты бірқатар мәселелерді ескермейді, дейді авторлар.